Президент Сауд Арабиясының короліне жеделхат жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және өз атынан қос киенің сақшысы, король Салман бен Әбделазиз Әл Саудты Сауд Арабиясы Корольдігінің негізі қаланған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. «Бүгінде Сауд Арабиясы – саяси тұғыры берік, экономикасы қарыштап дамыған халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесі. Аймақтық бірлікті, тұтастық пен бітімгерлікті ту еткен еліңіздің алдағы уақытта да…

Толық оқу

Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Президент ресми мінберден «Болашақтың ойындары» турнирінің салтанатты ашылу рәсімін тамашалады. Ресейдің мемлекеттік әнұраны орындалғаннан кейін Владимир Путин жарысты ашық деп жариялады. Қазақстан Президенті турнир қатысушыларына сәттілік тіледі. «Құрметті Владимир Владимирович, ең алдымен, Сізге зор ризашылық білдіргім келеді. Бұл – бірегей ойын. Дүниежүзінде…

Толық оқу

Педофилдерді өмір бойы бас бостандығынан айыратын заң жобасы мақұлданды

Фото: tk.media Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мен іліспе құжат бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Заң жобаларының негізгі мақсаты – барлық азаматтардың, оның ішінде әйелдер мен балалардың құқығы мен заңды мүддесін…

Толық оқу

Алматыда аудандық білім бөлімдерінің есепшілері 330 млн теңге ұрлаған

Алматының аудандық білім бөлімдерінің есепшілері аса ірі көлемде ақша жымқырған, деп хабарлады Qazaq.today агенттігі. Қалалық прокуратура балалардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында білім беру мекемелеріне тексеру жүргізді.  Жүргізілген тексерулер балалардың қауіпсіздігі саласында қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіздігін көрсетті. Оған ақпараттық қауіпсіздік саласындағы жарты мыңнан астам бұзушылықтар, балаларды тасымалдау және білім беру мекемелерін қорғау ережелерінің, санитарлық және өртке қарсы…

Толық оқу

Киногерлердің көбі жақсы фильм түсіруге мүдделі емес – министрлік

Фото: gov.kz/ Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет және ақпарат министрлігі «Кинематография туралы» заңымен реттелетін отандық киноиндустрияны қолдау үшін нақты шаралар қабылдап жатқанын хабарлады. Алайда министрлік жүргізген талдауға қарағанда,  киногерлердің дені жақсы фильм түсіріп, оны насихаттауға мүдделі емес. Ведомствоның мәліметіне қарағанда, «Ұлттық киноны қолдау орталығы» мемлекет тарапынан қаржылай қолдау көрсету үшін ашық конкурстар ұйымдастырып, оларды іріктеумен…

Толық оқу