Алаяқтық жасаған Өтемұратов 5 жылға сотталды

Ақпан айында оны Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы алаяқтық жасады деп танып, 5 жылға бостандығын шектеу жазасы берілген. Прокурордың апелляциялық шағымы негізінде іс қайта қаралып, жазаны 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына, қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесінде өтеуге ауыстырылды. Данияр Өтемұратов сот залында қамауға алынды. 2023 жылғы 13 қарашадан 2024 жылғы 2 ақпанға дейін…

Толық оқу

Ресей Қазақстанға орыс тілі пәні мұғалімдерін жіберуді көздеп отыр

Қазақстанда орыс тілін насихаттау жұмыстары жүргізілуі мүмкін. Ресей Білім министрлігінің мәліметінше, екі елдің Білім министрлерінің кездесуінде Қазақстанда орыс тілін насихаттау мәселелері көтерілген. Ресей Білім министрінің орынбасары Денис Грибов пен Қазақстан Оқу-ағарту министрінің бірінші орынбасары Наталья Жұмаділдаеваның кездесуінде республика мұғалімдерінің біліктілігін арттыруға Ресейдің қатысу мәселесі талқыланған. «Талқыланған тақырыптардың ішінде гуманитарлық ынтымақтастық және Қазақстанда орыс тілін насихаттау мәселелерін қамтыды. Ресей…

Толық оқу

Қайрат Сатыбалды мемлекетке 732,8 млрд теңге қайтарған

Фото: 24 KZ Қайрат Сатыбалды мемлекетке жалпы көлемі 732,8 млрд теңге қаражат қайтарды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.  Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов айтты. «2022 жылдан бері жалпы 1 трлн теңгеден астам қаржы қайтарылды. Оның ішінде 732,8 млрд теңге Қайрат Сатыбалдыға қатысты қатысты іс аясында қайтарылды. Ол қамауда…

Толық оқу

«Қызметкерді қазақ тілін білмегені үшін жұмыстан босатқан»: «Қазпошта» пікір білдірді

Бұған дейін Қазнетте «Қазпочта» АҚ филиалдарының бірінде болды деген оқиғаның видеосы тарап кеткен болатын. «Пошта қызметкері келушіні түсінбей, тіпті оның не айтып тұрғанын түсіну үшін күзетшінің көмегіне жүгінген. Осыдан кейін ол жұмыстан шығарылды», — деп делінген Telegram-арналардың бірінде. Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, жағдай осыдан бірнеше жыл бұрын компанияның тағылымдамашыларының біріне қатысты болған. «Кейбір БАҚ пен әлеуметтік…

Толық оқу

Канадада 550 жолаушысы бар ұшақты найзағай соқты (ВИДЕО)

Желіде әуеге көтерілген кезде ұшақты найзағай соққаны туралы видео пайда болды. Оқиға 3 наурызда Канадада болған. Бұл туралы РИА Новости агенттігі хабарлады. Ақпараттық агенттік Air Canada ұшағының Ванкуверден Лондонға қарай бағыт алғанын жазды. Ұшаққа найзағай түскен сәттің видеосын оқиға куәгерлері түсіріп алған. Бұл ретте Air Canada Boeing 777-300 ұшағының рейсті қайта жалғастырғаны немесе ұшып шығу…

Толық оқу