
Алматыда алаяқтықпен пайда көрмек болған мердігерге 900 млн теңгенің жұмысы жүктелді
Алматы қаласында сорғы станциясы бар су құбыры мен кәріз тарату желілерін салу жұмыстарының құнын көтермелеген мердігер өз есебінен 900 млн теңгеге қосымша жұмыстарды орындайтын болады. Еске сала кетейік, оңтүстік мегаполистің Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы құны 9,1 млрд теңге болатын жобаны іске асыруда. Бұл қаражатты жобалаушы «ҚазақСантехпроект» ЖШС жобалық-сметалық құжаттаманы жасау кезінде құрылыс материалдарын тасымалдау және сатып…