Павлодарда 19 жастағы жігіт суға батып кетті

Усолка өзенінде шомылып жүрген жас жігіт тілсіз жаудың құрбаны болды. Ол өзеннің тыйым салынған жерінде суға түскен, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Павлодар қаласында 19 жастағы жігіт өзенге шомылып жүріп, суға батып кетті. «Оқиға Усолка өзеніндегі көпір маңында болған. 2004 жылы туған азамат арнайы жабдықталмаған жерде суға түскен. Жігіттің мүрдесін өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің…

Толық оқу

Ақтөбе облысында азық-түлік тиелген жүк көлігі өртеніп кетті

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт сөндірушілер жанып жатқан жүк көлігін сөндірген. «Ақтөбе облысының аумағында Ақтөбе-Атырау-Астрахань республикалық маңызы бар тасжолының 270-шақырымында азық-түлік тауарлары тиелген жүк көлігі жанды», — деп жазылған хабарламада. ТЖМ күштерімен өрт ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ.

Толық оқу

Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрған жігіттің соты бүгін өтеді

Фото: kaz.inform.kz Бүгін Қарағандыда тағы бір атышулы іс онлайн режимде қаралады, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Жоғарғы сот республика бойынша сот отырыстарын тікелей эфирде өткізу практикасын жалғастырып жатыр. Қарағанды қаласында жедел жәрдем жүргізушісіне күш қолдану арқылы бұзақылық жасаған адамның сотының жалғасы Қарағанды қаласында, бүгін, 17 маусым сағат 11:00-де өтеді. Сот процесінің онлайн-трансляциясын Жоғарғы соттың YouTube-арнасынан мына сілтемеде көруге…

Толық оқу

Атырау тұрғыны азаматтық некедегі әйелін өлтірмек болған

Фото: inbusiness.kz Атырауда ер адам азаматтық некедегі бұрынғы әйелін өлтіруге оқталған. Қазір полиция қызметкерлері күдіктіні іздеп жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Бұл деректі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Оқиға 9 маусымда болған. Күдіктінің қылмыстық әрекеті видеокамераға түсіп қалған. «Атырау қаласындағы көпқабатты үйдің бірінің дәлізінде ер адам 33 жастағы әйелді өлтіруге оқталған. Қазір 29 жастағы күдіктіге қатысты…

Толық оқу

Түркістан облысында ер адам дәріхананы өртеп, өзі күйіп қалған (ВИДЕО)

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Атакент кенті «Мұратфарм» дәріханасына белгісіз жігіт өрт қойып кеткен. Күдікті анықталып, қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.  «Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы дәріханалардың бірін өртеу бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталды, ол жергілікті тұрғын болып шықты», — делінген хабарламада. Анықталғандай, ол өрттен күйіп, ауруханада ем алып жатыр. Басқа зардап…

Толық оқу