
Түркістан балабақшасында жаппай уланған сәбилердің жағдайы жақсарды
Түркістан облысындағы жеке балабақшаның бірінде 34 бүлдіршін тамақтан жаппай уланған еді. Оқу-ағарту министрлігі балалардың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі. Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан балалардың улану фактісі бойынша тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлады. «Жеке балабақшада балалардың тамақтан улану фактісі тіркелді. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет тексеру жүргізеді. Санитарлық нормаларды сақтамаған балабақша қызметкерлері жауап береді», — деді ол. Вице-министрдің…