Екібастұзда төтенше жағдай жарияланады

Екібастұз қаласының билігі Energy Solutions Center ЖШС-дегі авариялық жағдайға байланысты техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимін жариялауға шешім қабылдады. Аталған кәсіпорын — «Самрұқ-Энерго» АҚ-ның еншілес компаниясы әрі Екібастұз жылу-энергия орталығын басқарып отыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Екібастұз қалалық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссиясының кезектен тыс отырысында ЖЭО аумағындағы апатты жағдайға байланысты техногендік…

Толық оқу

Оралда 21 жастағы студент үш күннен бері іздестіріліп жатыр

Орал қаласында жоғалып кеткен 21 жастағы студент үш күннен бері іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Жеткерген Жамбылов 27 маусым күні сағат 08.30-да «Құрылысшы» шағынауданы 30-үй 10-пәтерден шығып кеткеннен оралмаған. «Ерекше белгілері: азиат пішіндес, бойы 165-170 см, арықша келген. Үстіне қара толстовка, сұр түсті шалбар, аяғына қара…

Толық оқу

Түркістан облысында жоғалып кеткен қойшы балалар аман есен табылды

Түркістан облысында қой бағуға шығып, жоғалып кеткен балалар аман есен табылды. 2024 жылғы 27 маусымда сағат 11:00-де Түркістан облысы ТЖД кезекші бөліміне Созақ ауданы Таукент елді мекенінде 2008 жылы туылған екі баланың қой бағуға шығып қайта оралмағандары туралы хабарлама келіп түскен. Сағат 11:00-тен бастап іздестіру жұмыстары басталды. Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы жедел құтқару жасағының 4…

Толық оқу

Қарағанды облысында аурухана өртенді

Қарағанды облысында ауруханадан өрт шықты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Шахтинск қаласының Орталық ауруханасында үшінші қабаттағы кабинетте ұйымдастыру техникасы өртенген. Аурухана қызметкерлері өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін жану орнынан шығып кетті. ТЖМ күштерімен жану толығымен жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Толық оқу

Қостанай облысында жоғалып кеткен 16 жастағы қыз өлі табылды

Қостанай облысында 16 жастағы қыз өлі табылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі Alau.kz сайтына сілтеме жасап. Қостанай облысындағы Әулиекөл ауылының 16 жастағы тұрғыны Дария Тайронина өлі табылғаны туралы ақпаратты «Дос» іздеу-құтқару отряды жариялады. Бұл іске қатысты мән-жай әзірге белгісіз. Полиция департаменті бұл дерекке қатысты пікір бідірді. Ведомство мәліметінше, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі…

Толық оқу