Қарағанды ​​облысында 7 жасар ұл 10 жастағы қыздың үстінен арыз түсірген

Қарағанды ​​облысында жеті жасар тұрғын полицияға көмек сұрап жүгінді. Бала велосипедін ұрлап кеткенін айтып, көлігін тауып беруін өтінген, — деп хабарлайды Qazaq Today агенттігі. Полицейлер баланың өтінішіне құлақ асып, онымен бірге арнайы көлікпен аулаларды аралап, велосипедті іздеуге шыққан. Басқа бала жәбірленушіден велосипедін тебуге сұрағаны белгілі болды. Ол өтініштен бас тартпаған және велосипедін берген. Аулада бірнеше айналғаннан…

Толық оқу

СҚО тұрғыны 13 жылға сотталды

Бұрын есірткі сақтағаны үшін сотталған Петропавл қаласының 39 жастағы тұрғыны синтетикалық есірткі сататын интернет-дүкендердің бірінде жұмыс істеді деген күдікпен ақпан айында ұсталды. Интернациональная көшесіндегі оның тұрғылықты мекенжайында және Потанин көшесіндегі өзі есірткі жасырған орыннан тәртіп сақшылары салмағы 230 грамм мефедрон және «α-PvP» синтетикалық есірткілерін тәркіледі. Қала тұрғыны наркологияда есепте тұр. Ол бұл есірткілерді интернет-дүкеннен алғаннан…

Толық оқу

Жетісу облысында 25 миллион теңге жымқырған күдікті ұсталды

25 миллион теңгеден астам қаражат ұрлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Qazaq Today агенттігі. «20 сәуірде Көксу ауданының полициясына Акционерлік қоғамның өкілінен арыз түсті. Онда аудандық филиал директорының кассадан қомақты соманы алып, белгісіз бағытта қашып кеткені хабарланған», — деп хабарлады ІІМ. Акционерлік қоғам өкілінің айтуынша, күдікті өзінің қызметтік жағдайын асыра пайдаланып, қолма-қол ақша алып, жоғалып кеткен. Тексеру…

Толық оқу

Оралда ерлі-зайыптының күйік шалған денесі табылды

Оралдағы үйлердің бірінен ерлі-зайыптының күйік шалған денесі табылды, деп хабарлайды Qazaq Today агенттігі «Мой Город» басылымына сілтеме жасап.  Қайғылы оқиға 3 шілдеге қараған түні болды. БҚО ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, сағат 02:34-те өртсөндірушілердің пультіне «Пенсионер» бау-бақша серіктестігінде 30 шаршы метр аумақта саяжай өртеніп жатқаны туралы шақыру түскен. Сағат 4:30-да өрт толық ауыздықталды. Оқиға орнынан өртсөндірушілер екі адамның…

Толық оқу

Атырауда ескерткіш басып қалған бала көз жұмды: полиция куәгерлерді іздейді

Атырауда 7 жасар баланы ескерткіш басып қалған болатын. Оқиға салдарынан қыз ауруханада көз жұмды, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Атырау облысы Полиция департаментінің Тергеу басқармасы Атырау қаласы Авангард-3 шағынауданындағы Жеңіс саябағы ішіндегі ескерткіш құлаған оқиға бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. «Оқыс оқиғаның нақты мән-жайын анықтау үшін 25 маусымда кешкі мезгілде болған қылмыстық құқық…

Толық оқу