
Түркістан облысында 500-ге жуық мұғалім жалған дипломмен еңбек етіп келген
Тексеруде жұмыстарының нәтижесінде кейбір педагогтардың жоғары білімі туралы дипломдары жалған болып шыққан. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «DIGITАL KAZAKHSTAN: заманауи білім беру» тақырыбында өткен тамыз кеңесінде мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. «500-ге жуық жоғары білім туралы жалған диплом анықталды. Бұл бағытта құзырлы органдар жұмыс істеп жатыр. Жұмыстар жалғасады. Түбіне жететін боламыз. Мектеп…