Ақтауда куәгерлер аялдамада талып қалған жасөспірімді құтқарды

Ақтаудағы аялдамада жасөспірім кенеттен талып қалған. Оқиға куәгерлері оған алғашқы медициналық көмек көрсетті. Желіде оқиғаның бейнежазбасы таралды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы «Лада.kz» порталына сілтеме жасап. Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 қараша күні 16 жастағы оқушының эпилепсиясы ұстап қалған. Жасөспірім облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, кейін үйіне жіберілген.

Толық оқу

Оралда 13 жастағы бала өзінен кіші оқушыдан ақша бопсалаған

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының Әкімшілік құқықбұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған сотында 10 жастағы оқушы Г-ны қорқытып, ақшасын тартып алған 13 жастағы бала Р-ның  анасына қатысты әкімшілік іс қаралды, — деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы. Р-ның анасы сотта баласының Г-ны ұрып-соққанын, өз ұлымен сөйлескенін және қорлауды жоққа шығарғанын растады, деп жазады Massaget.kz. Г-ның анасының айтуынша, ұлын…

Толық оқу

Маңғыстау облысында 11 баланың анасы TikTok-тағы видеосы үшін сотталды

Жаңаөзендік Жадыра Досекеева Қылмыстық кодекстің «телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, әлеуметтік алауыздықты қоздыру» бабы бойынша кінәлі деп танылып, үш жыл шартты жазаға кесілді, деп жазады Qazaq.today ақпарат порталы. Сондай-ақ  белсенді қоғамдық жұмыстарға тартылатын болады. Сонымен қатар тұрғынға үш жыл бойы әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салынды. Белсендіге қатысты қылмыстық іс биыл маусымда қозғалған болатын. Сот барысында прокурор оның…

Толық оқу

Атырауда зорлыққа ұшыраған қыз көмек сұрады

Атырауда 15 жасында еріксіз тұрмысқа шыққан қыз күйеуінен зәбір көргенін айтып, көмек сұрады, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы. Өзін Мөлдір Амандық деп таныстырған қыздың видеосы «Президентке хат» телеграм арнасында жүктелді. Оның сөзінше, оған күйеуі қысым көрсетіп, қорқытып,  еркінен тыс мәлімдеме жасатып, телефонын сындырып тастаған. «Мен инстаграмдағы жазбаны кетіру үшін үндеу жасаған болатынмын. Алайда, мән-жайдың астарын ешкім білмейді….

Толық оқу

Семейде қолына пышақ ұстап, жалаңаш жүрген ер адам балалардың зәресін алған

Семейде №29 мектептің жанында оқушының әкесі қолына пышақ ұстаған жалаңаш ер адамды байқаған. Полиция әзірге ол адамды әлі тапқан жоқ, бірақ патрульдеуді күшейтті, деп хабарлайды Qazaq.today тілшісі Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы ақпаратты ата-аналар мектеп чатында жазған. «Күйеуім қызымызды мектептен алып кетті. Ол мектептің жанынан бейтаныс адамның қолына пышақ ұстап, жалаңаш әрі әркімге бір тиісіп жүргенін…

Толық оқу