
Елордалық пауэрлифтерлер «Таза Қазақстан» акциясына қосылды
Бүгін №7 БЖСМ пауэрлифтинг бөлімінің спортшылары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты. Жас спортшылар Астана қаласының құрамасы жаттығатын Қалдаяқов көшесіндегі спорт залының аумағында сенбілік өткізді. Олар маңайдағы қоқысты тазалап қана қоймай, ағаш отырғызып, елорданы көгалдандыруға үлес қосты, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. Классикалық пауэрлифтингтен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионы Егор Кузнецов осындай іс шаралардың маңыздылығын атап…