Солтүстік Қазақстанда көпір опырылып, жүк көлігі өзенге құлап кетті

Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов ауданында екі ауылды жалғайтын көпір опырылып түсіп, жүк көлігі өзенге құлады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.  Оқиға болған жерде түсірілген видео жергілікті skopetro Instagram-парақшасында жарияланды. Ролик авторының хабарлауынша, оқиға сәрсенбі күні Ғабит Мүсірепов ауданында болған. Видеодан жүк көлігінің суда жатқанын анық көруге болады. Жергілікті аудан әкімдігі осы жазба астына…

Толық оқу

Павлодарда мұғалімді балағаттаған оқушының ата-анасы жауапқа тартылды

Жасөспірімнің іс-әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылық белгілері, яғни ұсақ бұзақылық байқалды, деп хабарлады Qazaq Today ақпарат порталы Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, мұғалім полицияға хабарласып, оқушылардың бірі облыс мектептерінің бірінде  балағат сөздер айтқанын хабарлаған. Тексеру жүргізілгеннен кейін полиция кәмелетке толмаған баланың ата-анасын жауапқа тартты. Материал қарау үшін сотқа жіберілді, – деді департаментте. Сондай-ақ қала тұрғыны…

Толық оқу

Атырауда әлименттен жалтарған қашқын әкелер құмар ойындарға 800 млн теңге бәс тіккен

Фото: dzen Атырау облысында қашқын әкелер балаларына әлимент төлеуге ақша таппаса да, құмар ойынға бәс тігуде  ақшаны аямайды, Атырау қаласының прокуратурасы 326 борышкердің соңғы төрт жылда құмар ойындарға 800 млн теңгеден астам ақша аударғанын анықталды. Ал олардың бәрі әлименттен жалтарған қашқын әкелер, деп хабарлайды Qazaq.today. Бас прокуратураның мәліметінше, 45 қашқын жігіттің құмар ойын сайттарға кіруіне шектеу…

Толық оқу

СҚО-дағы колледж студенттерінен ақша бопсалаған адам ұсталды

Ленинград ауыл шаруашылық колледжінің студенттерімен жеке әңгімелесу барысында бірінші курс студенттерінен жүйелі түрде қорқытып, ақша алу дерегі анықталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 194-бабының 1-бөліміне сәйкес соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Ақжар аудандық сотының 28 қарашадағы үкімімен колледждің 3-курс студенті кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне…

Толық оқу

Шымкенттік әйел интернеттен алған кеңеспен қан қысымын төмендетемін деп, өліп қала жаздады (ВИДЕО)

Шымкенттік әйел қан қысымын түсіру үшін куркума қосылған сірке суын ішіп, ауыр халде ауруханаға түсті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Шымкенттегі №2 қалалық аурухананың бас дәрігері Бақытжан Позиловтың айтуынша, әйел кеңесті интернеттен алған. «53 жастағы әйел интернеттен кеңес алып, қан қысымын төмендету үшін куркума мен алма қосылған сірке суын ішкен. Салдарынан анафилактикалық шокқа түсіп, ауыр…

Толық оқу