
12 млн теңге шығын: ШҚО тұрғыны өзгенің мүлкін қасақана өртеп жіберген
Өзгенің мүлкін қасақана өртеген шығысқазақстандық 12 млн шығын келтірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының полиция бөліміне ауыл тұрғыны өз үйінің ауласындағы шаруашылық қораның өртке оранғаны туралы хабарлаған. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің (Өзгенің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) бабы бойынша қылмыстық іс қозғады….