
Анасын ұрған Талдықорған тұрғыны 10 күнге қамалды
Талдықорған қаласы сотының үкімі бойынша 33 жастағы қала тұрғыны анасына дене жарақатын келтіру фактісі бойынша 10 күнге қамауға алынды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Оның іс-әрекеті ҚК-нің (Ұрып-соғу) 109-1-бабының 1-бөлігіне сәйкес сараланды. «Жәбірленуші сотта отбасылық жанжал кезінде ұлының оны бірнеше рет ұрғанын айтты», — делінген хабарламада. Айта кету керек, Қылмыстық кодекске енгізілген түзетулер мен толықтыруларға…