Абай облысында Кіші Аягөз өзенінде су деңгейі көтерілді

Фото: Pexels Аягөз қаласында қардың қарқынды еруіне және күннің күрт жылынуына байланысты Кіші Аягөз өзенінде су деңгейінің көтерілгені байқалады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жергiлiктi атқарушы органдар Шәкенов және Желтоқсан көшелеріндегі судың деңгейi көтеріліп, арнасынан асуы жағдайына дайындық мақсатында бөгет салу бойынша алдын алу шараларын жүргізуде. Жұмысқа 14 адам,…

Толық оқу

Жамбыл облысында өрттен 48 бас мал қырылып қалды

Фото: ТЖМ Жамбыл облысының Қаратас ауылында жеке тұрғын үйдің аумағында қора өртенді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сүйенсек, өрт алаңы 220 шаршы метр болған. Өрттің салдарынан 47 бас ұсақ мал мен 1 жылқы қаза тапты. Алдын ала болжам бойынша — электр сымдарының қысқаша тұйықталуы. Өңірдегі ТЖД өрт сөндірушілері 50 минут…

Толық оқу

«Ми жарақатын алды»: Павлодарда оқушылар 11 жастағы баланы ұрып-соққан

Фото: Pixabay  Материалдар сотқа жіберілді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде Қ.Мақпалеев мектебінде бірнеше оқушы арасында төбелес болғаны туралы ақпарат жарияланды. Облыстық полиция департаменті бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп жазды @Pavlodarnews.kz. «13 наурызда мектептің қасында төртінші сынып оқушылары арасындағы ойын салдарынан жанжал шықты. Бір оқушы бас жарақатымен облыстық балалар ауруханасына…

Толық оқу

Істі болған белсенді Сандуғаш Тұрлыбекова үйқамаққа ауыстырылды

Фото: facebook.com/nursultan.baimenov Қызылорда облыстық соты 13 наурызда көпбалалы жалғызбасты ана, қоғам белсендісі 40 жастағы Сандуғаш Тұрлыбекованы үй қамаққа ауыстырды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агентігі. Соттың Сандуғаш Тұрлыбекованы үй қамаққа ауыстырғаны туралы видео әлеуметтік желіде тараған. Еске салайық, бұған дейін Гүлшара Әбдіхалықованы «ханның қызы» деп атаған көпбалалы жалғызбасты ана, белсенді 40 жастағы Сандуғаш Тұрлыбекованың «екі адамды бопсалады»…

Толық оқу

Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, 8 адам ауруханаға түсті

Фото: видеодан кадр «Самара-Шымкент» тасжолында жол-көлік оқиғасы болып, адамдарға көмек көрсету үшін жедел жәрдемнің 5 бригадасы жіберілді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Оқиға «Самара-Шымкент» автожолының Өлке ауылы маңында болды. Лада Ларгус және Тайота Эстима автокөліктері соқтығысып, екі автокөліктің де жүргізушісі және 6 жолаушы түрлі жарақат алып, медициналық мекемеге жатқызылды. — Тексеру барысында екі автокөліктің…

Толық оқу