
Маңғыстауда колледж басшысы 7 жылға сотталды
Фото: Pixabay Прокуратура органдары бюджет қаражатын тиімді пайдалану заңдылығының сақталуына тұрақты түрде талдау жүргізіп келеді. Талдау барысында гуманитариялық колледж директоры қызметкерлерге тиесілі еңбек сыйақы төлемдерін жымқыру фактісі белгілі болды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат агенттігі. «Колледж директоры 2022 жылғы желтоқсан мен 2023 жылдың тамыз айлары аралығында колледждің 29 қызметкеріне сыйақы беру туралы негізсіз бұйырықтар шығарып, 29,5 млн…