«Тәңір ақысы». Мүгедек көршісі үшін шұрық-тесік жолды бітеген тұрғынның ісі көпті сүйсінтті

Фото: inbusiness.kz  Ақтауда мүмкіндігі шектеулі көршісінің арбамен шұрық-тесік жолмен баласын балабақшаға апарып жүргенін көрген ер адам жолды өз бетімен жөндеп берген, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Бұған дейін әйелдің көршілері жергілікті биліктен көмек сұрап, үндеу жариялаған. Видеода олар Ақтаудың 14-ықшамауданындағы 47-ғимараттан жақын маңдағы балабақшаға дейінгі шағын аумақты жөндеуді сұрайды. Көршілерінің айтуынша, бұл аумақта жаяу жүргіншілер жолы жоқ….

Толық оқу

Солтүстік Қазақстанда 43 жетім баланы пәтер кезегінен негізсіз алып тастаған

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар құқықтарының өрескел бұзылғандығын анықтады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. СҚО прокуратурасының мәліметінше, қадағалаушы орган жергілікті атқарушы органдарды тексерді. Ғ.Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің лауазымды тұлғалары «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының талаптарын бұза отырып, тұрғын үйге 2010 жылдан бері кезекте тұрған 43 жетім баланы тұрғын…

Толық оқу

Павлодар облысында зираттар цифрланып жатыр

Фото: Kazinform Зират басындағы құлпытастар суретке түсіріліп, арнайы платформаға енгізіледі. Жобаға өңір бойынша 20-ға жуық мұсылман зираты қосылады деп жоспарланған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Мұсылман зираттарындағы құлпытастарды цифрлы жүйеге енгізу бұған дейін Астана және Шымкент қалаларында жүргізілген. Ендігі кезекте бірнеше облыспен бірге Павлодар өңірінде де қолға алынып жатыр. Бірыңғай платформа болашақта туыс-туғандарыңыздың жерленген жерін іздеген…

Толық оқу

Жамбыл облысында оқушы өлімінен кейін мектеп директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Фото: Pixabay Білім ордасының басшылығы қанды қылмысты жасыруға тырысты деген күдікке ілігіп отыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап. 8 сыныптың оқушысы мектеп дәретханасынан өлі табылған болатын Сараптама қорытындысы оқушының жүрек тұсынан қатты соққы алып жан тапсырғанын анықтаған. Алайда қылмыс болған күні мектеп директоры «оқушының жүрек талмасы ұстап қалды» деп жалған мәлімет…

Толық оқу

Павлодар облысында оқушылар арасында жаппай төбелес болды

Фото: kavkaz-uzel.eu Павлодарда интернатта оқушылар арасында төбелес болып, үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі kerek Telegram-арнасына сілтеме жасап. Бейресми ақпарат бойынша, 16 мамырда кадет корпусында 40 оқушы “сынып сыныппен” жаппай төбелескен. Салдарынан үш жасөспірім әртүрлі жарақаттармен ауруханаға түскен. Павлодар облысының полиция департаменті Қабанбай батыр атындағы «Жас сарбаз» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында төбелес болғанын растады. «Іс жүргізу барысында…

Толық оқу