
Петропавлда 4 жасар бала терезеден құлап кетті
Фото: Pixabay Петропавлда төрт жастағы бала бес қабатты үйдің терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавл қаласы полиция басқармасының «102» жедел нөміріне Ибраев көшесіндегі бес қабатты үйдің терезесінен баланың құлап кеткендігі туралы ақпарат түсті. Қазіргі уақытта бүлдіршін облыстық көпбейінді балалар ауруханасында. Бала жансақтау бөлімінде…