
Алаңның үстіндегі үлкен қалқа, үстел теннисі: Алмалы ауданының аулалары қалай өзгеруде
Алматының Алмалы ауданында әкім Ерболат Досаевтың тапсырмасымен «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында биыл 56 аула көріктендірілді. Қазіргі таңда Панфилов көшесі, 30; Шагабутдинов көшесі, 30; Төле би көшесі, 160; Қабанбай батыр көшесі, 91 және Шәріпов көшесі, 68 мекенжайларындағы бес ауланың жұмысы аяқталды. Мұнда ойын және спорт алаңдары жаңартылып, резеңке жабын төселді, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылды….