Фото: желіден алынды
Танымал тележүргізуші Асхат Садырбайдың бұрынғы әйелі Айғаным Болатқызы бұрынғы енесінің бар былығын әшкереледі, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.
Бұл туралы ол желідегі парақшасында бөлісті.
«Құдай сақтасын. Олар сияқты іштері де, сырттары да қара болғаннан. Асхаттың мамасы көзімнен ұрған кезде ортамызда болды. Сол кісінің кесірінен көзіме зақым келді. Көп жерде кірісіп, менің өмірімді шешіп беретін құсап, тас-талқан шығарған. Еще Зейінді үш жасында менен алып қашып, тығып ұстап отырған. Бұл хақ. Былығы көп… Қалай кешіресің? Жүрек айнитын тірліктері көп», — деп ағынан жарылды ол.
Еске салайық, кемі үш рет тек ресми үйленген Асхат Садырбай экс-әйелімен әлі күнге соттасып келеді. Бар мақсаты, өзіне ұл тауып берген бұрынғы әйелінен кешірім сұратып, ақша өндіру.