Былтыр өндірістегі жазатайым оқиғалардан 203 жұмысшы мерт болған

2022 жылы өндірістегі жазатайым оқиғалардан 1465 жұмыскер зардап шегіп, 203-і қаза тапқан, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті мәлімдеген. 

«Былтыр өндірістік жарақаттану коэффициенті (1000 жұмыскерге шаққандағы жазатайым оқиғалардың жиілігі) 0,22-ні құрады. Республиканың өнідірістік аймақтарында жарақат алудың ең жоғары деңгейі сақталуда. Мәселен, Қарағанды облысында – 180, ШҚО-да – 169, Қостанай облысында – 142, Павлодар облысында – 112, Ақтөбе облысында – 103, Алматы қаласында 114 адам зардап шекті», – делінген комитет хабарламасында.

Экономиканың салалары бойынша ең көп зардап шеккендер тау-кен металлургия кешенінің өнеркәсіптерінде – 16,2 % және құрылыс саласында – 15 %.

Ведомство дерегінше, жазатайым оқиғалардың орын алуының негізгі себептері: жәбірленушінің өрескел абайсыздығы (33,9%); өндірістегі жұмыстың тиісті деңгейде ұйымдастырылмауы (29%); жол қозғалысы ережелерін бұзу (9,4%); қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерін бұзу.

 

Qazaq.today

Соңғы

Рыбакина жас теннисшілерге қаржылай қолдау көрсетті

Елена Рыбакина Қазақстанның болашағынан үміт күттіретін теннисшілеріне қаржыдай қолдау...

Алматыда жанжалдасқан жүргізушілердің бірі қару қолданды

Алматыдағы базарлардың бірінде екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, төбелесіп,...

Серік Күдебаевтың соты кейінге қалдырылды

Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевқа қатысты сот...

Бірмандатты депутаттар анықталды: Сайлауда ең көп дауыс жинаған кім?

Бірмандатты округтер бойынша Мәжіліс депутаты кімдер болатыны анықталды. Орталық...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Рыбакина жас теннисшілерге қаржылай қолдау көрсетті

Елена Рыбакина Қазақстанның болашағынан үміт күттіретін теннисшілеріне қаржыдай қолдау көрсетті, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 2022 жылғы Уимблдон турниріндегі жеңісінен кейін теннистен Қазақстан...

Алматыда жанжалдасқан жүргізушілердің бірі қару қолданды

Алматыдағы базарлардың бірінде екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, төбелесіп, нәтижесінде қару қолданған, - деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.  Toyota Estima жүргізушісі оқ атқан сәт...

Серік Күдебаевтың соты кейінге қалдырылды

Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевқа қатысты сот процесі кейінге қалды, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq Uni-не сілтеме жасап. Бұл туралы Жетісу облысы сотының баспасөз...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here