Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, былтыр 29 948 адам Қазақстанға қоныс аударса, 12 784 азамат елден кеткен, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Дегенмен бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 20 пайызға аз. Көші-қонның оң сальдосы 17 164 адамды құрады. Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен болған. Сол елдерден келгендердің үлесі 81 пайыз болса, сонда кеткендердің үлесі 75 пайызға жуық.
2024 жылғы көші-қон
- Көшіп келді — 29 948 адам
- Көшіп кетті — 12 784 азамат
2023 жыл – 16 055 адам
- 2024 жылы 20%-ға азайды
- Көші-қон – 17 164 адам