Польшаға Украинадан үш миллионнан астам босқын барған. 24 ақпан мен 2 мамыр аралығында Украинадан қашқан 5 563 959 босқын көрші елдермен шекараны кесіп өтті. Бұл туралы дүйсенбі күні Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
БҰҰ басқармасының хабарлауынша, 24 ақпаннан бері елден кеткен Украина азаматтарының жартысынан көбі Польшаға барған.
Осылайша, Польшаға – 3 056 826, Румынияға – 825 874, Ресейге –681 156, Венгрияға –530 157, Молдоваға – 447 604, Словакияға – 379 447, Беларуське 25 002 босқын өткен.
Сонымен қатар 2022 жылдың 18-23 ақпаны аралығында Украинаның Донецк және Луганск облыстарынан Ресейге 105 000 адам кетіп қалғаны хабарланды.