БҰҰ Бас ассамблеясы Украинаға қатысты қарар қабылдады

141 ел соғысты дереу тоқтатып, Ресей әскерінің Украина аумағынан шығарылуына дауыс берді. Бес мемлекет қарсылық білдірді. Ал 35 мемлекет дауыс беруден қалыс қалды. Оның ішінде Қазақстан да бар, деп хабарлайды Qazaq.Today тілшісі Bugin.kz порталына сілтеме жасап.

Кезектен тыс шақырылған төтенше сессияда қаулы қабылданды. Құжатта күш қолдануды дереу тоқтату, сондай-ақ Ресейдің барлық әскерлерін Украинаның халықаралық мойындаған шекарасынан толық шығару талаптары бар. Сонымен қатар қарар Мәскеуді ДНР мен ЛНР тәуелсіздігін тану туралы шешімнің күшін жоюға шақырады.

«Бас Ассамблеяның жолдауы анық: Украинадағы соғыс қимылдарын дереу тоқтатыңыз, қарудың дауысы өшсін, диалог пен дипломатияға шақырамыз. Украинаның аумақтық тұтастығы мен егемендігі БҰҰ Жарғысына сәйкес сақталуы керек. Жоғалтатын бір минутымыз да жоқ. Қазір Украина халқының жағдайы ауыр және одан да нашарлауы мүмкін», – деді БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш.

Ал БҰҰ-дағы Ресейдің тұрақты өкілі Василий Небензя Батыс елдері қарарға дауыс беру үшін БҰҰ делегацияларының өкілдеріне тікелей қоқан-лоққы жасағанын айтты.

Соңғы

Абай облысында есірткі сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Абай облысы Жарма ауданында ірі көлемдегі есірткі саудасымен айналысқан...

ЕО елдері Түркияға 7 млрд еуро бөледі

Еуроодаққа мүше елдер Түркияға 7 млрд еуро көмек бөлмек....

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана...

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Абай облысында есірткі сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Абай облысы Жарма ауданында ірі көлемдегі есірткі саудасымен айналысқан ерлі-зайыпты ұсталды. Бұл туралы Абай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today...

ЕО елдері Түркияға 7 млрд еуро бөледі

Еуроодаққа мүше елдер Түркияға 7 млрд еуро көмек бөлмек. Бұл зілзаладан кейінгі жағдайды қалыпқа келтіруге жұмсалады. Мұндай мәлімдеме Еуроодақ елдерінің Брюссельде өткен арнайы жиын...

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана атанды. Междуреченск ауылындағы мектепте оқитын қызды көршісі зорлап келген. Күдікті ретінде 53 жастағы еркек ұсталды....

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here