Бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов 12 жылға сотталды

Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтейтін болады. Бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттың шешімімен 12 жылға сотталды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.

«Мамандандырылған ауданаралық әскери соттың үкімімен М. Бектанов ҚР Қылмыстық кодексінің 451-бабының 3-бабы бойынша  12 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтейтін болады», – делінген сот хабарламасында.

Сот аталған іс «аса құпия» істер қатарына жататындықтан өзге ақпараттың жарияланбайтынын мәлімдеді.

Еске салсақ, экс-министрге қатысты тергеу ісі 2022 жылдың 19 ақпанында «Қызметтегі әрекетсіздік фактісі бойынша» басталған болатын. Бұған дейін Президент Бектановты өзіне көрсетілген сенімді ақтамай, қаңтар оқиғасы кезінде еш әрекет ете алмағанын сынаған болатын.

Биылғы қаңтар айында Бас прокурор Берік Асылов Бектановтың сын сағатта әскери стратегиялық нысандарды қорғаусыз қалдырып, заңсыз бұйрықтар берді және қызметін асыра пайдаланды деп мәлімдеген еді.

Соңғы

Рыбакина жас теннисшілерге қаржылай қолдау көрсетті

Елена Рыбакина Қазақстанның болашағынан үміт күттіретін теннисшілеріне қаржыдай қолдау...

Алматыда жанжалдасқан жүргізушілердің бірі қару қолданды

Алматыдағы базарлардың бірінде екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, төбелесіп,...

Серік Күдебаевтың соты кейінге қалдырылды

Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевқа қатысты сот...

Бірмандатты депутаттар анықталды: Сайлауда ең көп дауыс жинаған кім?

Бірмандатты округтер бойынша Мәжіліс депутаты кімдер болатыны анықталды. Орталық...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Рыбакина жас теннисшілерге қаржылай қолдау көрсетті

Елена Рыбакина Қазақстанның болашағынан үміт күттіретін теннисшілеріне қаржыдай қолдау көрсетті, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 2022 жылғы Уимблдон турниріндегі жеңісінен кейін теннистен Қазақстан...

Алматыда жанжалдасқан жүргізушілердің бірі қару қолданды

Алматыдағы базарлардың бірінде екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, төбелесіп, нәтижесінде қару қолданған, - деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.  Toyota Estima жүргізушісі оқ атқан сәт...

Серік Күдебаевтың соты кейінге қалдырылды

Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевқа қатысты сот процесі кейінге қалды, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq Uni-не сілтеме жасап. Бұл туралы Жетісу облысы сотының баспасөз...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here