Фото: © Sputnik / Сергей Ким
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде Қазақстан Республикасының бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі ауыр жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұсталғанын растайды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері ҚР Мәдениет және спорт экс-вице-министрі Ерлан Қожағапановты ұстау туралы ақпарат жарияланған болатын. Бұрынғы шенеунік бюджет қаражатын ұрлады деп күдіктелуде.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу аясында ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деп күдікпен бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрінің ұсталғанын растайды», — делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласы ПД УҰИ-да қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.