Эксклюзивті мазмұн:

Талдықорғанда экс-шенеунік 300 млн теңге бюджет қаржысын «жеп қойған»

Алматы облыстық сотында Талдықорған қаласының құрылыс бөлімінің бұрынғы бастығына...

Таразда студенттерден ақша талап еткен ЖОО оқытушысы ұсталды

Таразда студенттерден пара алған жоғары оқу орнының оқытушысы ұсталды,...

Өткен жылы Қазақстанға келген шетелдік туристер саны үш есе өскен

2022 жылы Қазақстанға келген шетелдік туристер саны 3 есе...

«Бұл таза жемқорлық»: Сотта талабы қанағаттандырылмаған «Кублей» зауыты тағы шағым түсірмек

«Кублей» зауытың өкілдері Орал қаласының әкімдігіне қарсы тағыда аппеляциялық шағым түсірмек. Өйткені, Орал қалалық соты зауыт өкілдерінің талап арызын қанағаттандырмады, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Сот екі жылдан аса уақытқа жалғасты. «Кублей» елдегі ең ірі зауыттың бірі саналады. Өндіріс орнының жанына көпқабатты тұрғын үйлердің заңсыз салынуы даудың туындауына себепкер болды. Қанша жерден дәлелді құжаттар жеткілікті болса да, сот «Кублей» ЖШС заңгерлерінің келтірген дәлелдерін ескермеді. 

«Циолковкий көшесіндегі 2,3,4 тұрғын үйлерін салу бойынша әкімдікті Үкімет бекіткен қаланың бас жоспарына өзгеріс енгізіп, 2020 жылдың мамыр айында зауыттың санитарлық қорғау аймағынан көпқабатты тұрғын үй салуға рұқсат беретін қаулыны заңсыз деп танымайды», – деді судья Жорабаев.

Даудың басы 2020 жылы «Кублей» ЖШС жанынан, яғни «Циолковский» көшесінен әкімдіктің тұрғын үй кешенін салуға рұқсат бергенінен басталған. Зауыт басшылығының мәліметіне жүгінсек, әкімдік 2014 жылы Үкімет бекіткен қаланың бас жоспарына өзгеріс енгізіп, 2020 жылдың мамыр айында зауыттың санитарлық қорғау аймағынан көпқабатты тұрғын үй салуға рұқсат беретін қаулыны шығарып жіберген, яғни өндірістік аймақты тұрғын үй салатын жер деп өзгертіп, өтіп кеткен уақытпен заңдастырмақ болған.

2020 жылдың мамыр айында басталған дауға бүгін нүкте қойылды. Екі жылдан аса уақыт бұрын облыстық сот Орал қаласының сол кездегі әкімі болған Абат Шыныбековтің шығарған қаулысын заңсыз деп таныған еді, алайда соттың шешіміне қарамастан бірнеше аптадан кейін БҚО әкімдігіне қарасты мемлекеттік архитектуралық-құрылыс бақылау мекемесі «Ирменова» жеке кәсіпкерлігіне құрылыс жұмысын монтаждауға рұқсат берген, дейді ЖШС басшылығы. Осы жайттан кейін «Кублей» зауытының өкілдері 6 ай бойы арыз-шағым түсірумен айналысады. Ал бұл уақыт аралығында құрылыс компаниясы көпқабатты үйді соғып тастайды. Дауға ҚР Жоғары сотының сол кездегі төрағасы болған Жақып Асанов та араласқан. Салдарынан облыстық соттың шешімі бұзылған болатын.

Сот жүріп жатқанда Жақып Асановқа тұрғын үйдің иелері арыз берген. Ол сотта үшінші тараптың пікірі тыңдалу керек деген ұсыныс жібереді. Сондай-ақ ол ұсыныста «зауыттың негізі бөлігі бұл аумақта емес, қаладан тысқары орналасқан» деп көрсетіледі.

«Жақып Асанов жалған мәліметтерге қарамастан, мәліметтерді тексермей кассациялық инстанцияға ұсыныс береді. Сол ұсыныстың нәтижесінде біздің пайдамызға шығарылған облыстық соттың заңды шешімі бұзылады. Сөйтіп, осы қазір болып жатқан сотқа түседі.

Біздің ақпаратымыз бойынша, Асановтың ұсынысын дайындаған оның кеңесшісі және хатшылық бөлімнің басшысы. Өндірістегі судья тиісті қорытынды берді. Бірақ оны қабылдамай қойып, Асанов өзі ұсынысқа қол қойып жіберген. Өзінің ұсынысында ол «Кублей» зауытының қазір тұрған жерінде әкімшілік ғимарат пен бір ғана цех бар деп көрсеткен. Ал зауыттың өзі қаланың сыртында делінген. Бұл жалған мәлімет.

Осының бәрін біз соңына дейін зерттейміз. Бұл іске қатысты бәрінің аты-жөнін білеміз. Асановтың өзі сол кездері Жоғары соттың төрағасы бола отырып, қалай қол қойып жіберген?!» – деп отыр заңгер Бақытжан Базарбек.

Айта кетейік, Жақып Асанов 8 желтоқсан күні Жоғарғы сот төрағасы қызметінен босатылған еді.

Шешім шыққан соң соттың баспасөз қызметі «Кублей» ЖШС ісі бойынша бірден жедел мәлімет таратты.

БҚО МАЭС «Кублей» ЖШС-нің Орал қаласының Әкіміне, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімдеріне әкімдіктің шешімдерін заңсыз деп тану туралы талап арызын қарады. Орал қаласы, Циолковский көшесі, 1 мекенжайы бойынша тұрғын үй ғимараттарын егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын бекіту туралы;

  • жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту;
  • өнеркәсіптік және санитарлық-қорғаныс аймақтарында тұрғын үйлерді салу кезінде бақылауды жүзеге асырмау әрекеттерін заңсыз деп тану және нысаналы мақсатын өзгертуге келісу.

Сот сенімді түрде анықтады:

  1. Талапкердің өзі санитарлық қорғау аймағын белгілемеген.
  2. Талапкер «Ирменов» ЖК даулы 5 қабатты үйлер бой көтерген жер теліміне қатысты қосалқы мердігер болып табылмайды.
  3. Зауыттың 600 жұмысшысы мен 3 мың шаруа қожалығы жұмыссыз қалады деген уәжі негізсіз.

Өйткені зауыттың негізгі өндірісі даулы аймақтың жанында емес, қала сыртында орналасқан.

Даулы аймақта орналасқан:

  • зауыт кеңсесі,
  • қоймалар,
  • 1 өндірістік цех,
  • темір жол төсемі,

Сот мынадай қорытындыға келді: жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту қаланың Бас жоспарының тұжырымдамасына сәйкес жүргізілгендіктен, тұрғын үйлерді салу талапкердің (зауыттың) ешбір құқығын бұзбайды.

Зауыттың:

  • Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық эпидемиологиялық станциясы,
  • Құрылыс бойынша комитеттің қорытындысы;
  • Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мекемелерінің жауаптарына сілтемелері де дәрменсіз:

Санитарлық ережелерді бұза отырып, ЖШС өзі 2015 жылы зауытты пайдалануға беру кезінде жобалық-техникалық құжаттамада санитарлық-қорғау аймағының болуын көрсетпеген. Осы уақытқа дейін олардың шекарасын белгілеу бойынша шаралар қабылданбаған, сондықтан зиянды шығарындылардың көзі анықталмаған.

Осыны ескере отырып, сот ЖШС-нің талаптарын қанағаттандырудан бас тартты.

Соттың шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Тараптар заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы.

Ал зауыттың өкілдері соттың шешімін барып тұрған әділетсіздік деп санайтындарын мәлімдеді. Олар енді аппеляциялық шағым түсірмек. «Кублей» ЖШС заңгері Бақытжан базарбек бұл істі «коррупция» деп жариялады.

Соңғы

Талдықорғанда экс-шенеунік 300 млн теңге бюджет қаржысын «жеп қойған»

Алматы облыстық сотында Талдықорған қаласының құрылыс бөлімінің бұрынғы бастығына...

Таразда студенттерден ақша талап еткен ЖОО оқытушысы ұсталды

Таразда студенттерден пара алған жоғары оқу орнының оқытушысы ұсталды,...

Өткен жылы Қазақстанға келген шетелдік туристер саны үш есе өскен

2022 жылы Қазақстанға келген шетелдік туристер саны 3 есе...

Алматылық қажылар Меккеге ұша алмай, ақшасын қайтара алмай жүр

Қажылыққа баратын 300-ден аса адам «Кәусар тревел» компаниясына алданған...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Талдықорғанда экс-шенеунік 300 млн теңге бюджет қаржысын «жеп қойған»

Алматы облыстық сотында Талдықорған қаласының құрылыс бөлімінің бұрынғы бастығына 300 млн теңгеден астам мемлекеттік қаражатты ұрлағаны үшін жаза тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy сілтеме...

Таразда студенттерден ақша талап еткен ЖОО оқытушысы ұсталды

Таразда студенттерден пара алған жоғары оқу орнының оқытушысы ұсталды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Жамбыл облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 46 жастағы аға оқытушы бұған...

Өткен жылы Қазақстанға келген шетелдік туристер саны үш есе өскен

2022 жылы Қазақстанға келген шетелдік туристер саны 3 есе өсті. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің алқа отырысында министр Асхат Оралов мәлімдеді, деп хабарлайды...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here