Бүгін Президент Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысады

Фото: Ақорда

Бүгін сағат 15:00-де Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес депутаттардың келісімін алу үшін жаңа Премьер-Министрдің кандидатурасы ұсынылады.