Бүгін футболдан ел чемпионаты басталады

Фото:kazfootball.kz

Премьер-лиганың биылғы маусымына 13 өңірден 14 клуб қатысады. Олар – «Ақсу», «Ақтөбе», «Астана», «Атырау», «Елімай», «Жеңіс», «Жетісу», «Қайрат», «Қайсар», «Қызылжар», «Ордабасы», «Тобыл», «Тұран» және «Шахтер», деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Қазақстан чемпионаты 1 наурыз бен 10 қараша аралығында өтеді. Мачтардың көбі дәстүрлі түрде демалыс күндеріне жоспарланған.

Маусымның алғашқы ойыны еліміздің 7 дүркін чемпионы «Астана» мен 16 жылдан кейін Премьер-лигаға оралған «Жеңіс» арасында болады. Сөйтіп, чемпионаттың алғашқы ойыны астаналық дербиімен ашылады. Сонымен бірге бірінші турда ел чемпионы «Ордабасы» өз алаңында Қарағандының «Шахтер» клубымен кездеседі.