БҚО-да қоқыс үйіндісінен ер адамның мәйіті табылды

Батыс Қазақстан облысында қоқыс үйіндісінен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 21 қыркүйекте сағат 19:05-те Круглоозерное ауылы маңынан 30-35 жастағы ер адамның мәйіті табылған.

«Ауыл шетіндегі қоқыс алаңынан зорлық-зомбылық іздері бар адам денесі табылды. Жедел іздестіру шаралары барысында аталған аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен Қазталов ауданында 1999 жылы туған азамат А. анықталып, ұсталды», — делінген ПД хабарламасында.

Қазіргі кезде аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

12