Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Аралтөбе ауылында атыс болып, үш адам ауруханаға жеткізілді. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 5 қыркүйек күні шамамен сағат 18.45-те болған.
«Спирттік ішімдік ішу барысында туындаған талас салдарынан 1975 жылғы ер адам бұзақылық ниетпен аңшы мылтығынан 34 жастағы тұрғынға оқ атқан. Ұшқан бытыра өтіп бара жатқан 1964 жылғы әйел мен екі жасар сәбидің аяғына тиген. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта күдіктіні ұстау үшін барлық шара қолданылуда», — делінген хабарламада.
Qazaq.today