БҚО аудан әкімдігі қымбат көлік сатып алмақ

Қазталов ауданы әкімдігі үш автокөлік сатып алмақ: Hunday Tucson маркалы екі машинаны 29 млн 780 мың теңгеге және «Ниваны» 7 млн 300 мың теңгеге.

Аудан мәслихатының аппараты үшін автокөлік сатып алуға бюджеттен тағы 14 млн 890 мың теңге бөлінген.

Әкімдік шешімін аудандық мәслихат депутаттары мақұлдап отыр.

Дереккөз: Ulysmedia