Бозымбаев Алматы облысы екіге қалай бөлінетінін айтты

Жаңадан құрылатын Жетісу облысында екі қала мен сегіз аудан болады

Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев жаңадан құрылатын Жетісу ауданының құрылымы қандай болатынын айтты, деп жазады qazaq.today ақпараттық агенттігі.

Бозымбаевтың айтуынша, Жетісу ауданының аумағында екі қала, сегіз аудан және 352 елдімекен болады. Ал, Алматы облысының үлесіне бір қала, тоғыз аудан және 380 елдімекен тиеді. Оның пікірінше, аймақтардың осылай бөлінуі екі облыстың дамуына серпін береді.

«Облысты бөлу туралы жұмыс комиссиясы құрылып, оған облыстағы тиісті басқармалар мен аумақтық органдардың басшылары енді. Алматы облысының шекарасын Жетісу облысына жер беру арқылы қайта өзгерту туралы үкімет қаулысының жобасы әзірленіп жатыр», – дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан халқына арнаған Жолдауында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарын құру туралы тапсырма берген болатын.

Соңғы

Смайылов тағы да Премьер-министр болып тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты ҚР Премьер-министрі етіп...

Ақтөбеде өзен суы көтеріліп, адамдар эвакуацияланып жатыр

Ақтөбе қаласы Қарғалы өзенінде судың деңгейі көтеріліп, адамдар қауіпсіз...

Түркістанда жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы...

Күдебаев сотқа мәжбүрлеп әкелінеді

Алматы облысы Полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевқа қатысты қылмыстық...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Смайылов тағы да Премьер-министр болып тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты ҚР Премьер-министрі етіп тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Qazaq.today Azattyq Ruhy -на сілтеме жасап. «Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасының...

Ақтөбеде өзен суы көтеріліп, адамдар эвакуацияланып жатыр

Ақтөбе қаласы Қарғалы өзенінде судың деңгейі көтеріліп, адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq.uni-не сілтеме жасап. Ақтөбе аумағында орналасқан Қарғалы, Күншуақ, Мұнайшы бау-бақша...

Түркістанда жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы қыз өлі табылды, - деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтема жасап. Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметіне...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here