Фото: видеодан скриншот
Блогер Сәкен Қағаров пен әнші Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекованың үйлену тойы елдің назарын аудартты. Жас жұбайлардың ерекше стильде киініп келуі талқыға түсті, деп хабарлайды Qazaq.today.
Әлеуметтік желідегі жұрт күйеу жігіттің тойға қысқа шалбармен келгенін сынға алып жатыр. Қалыңдықтың той көйлегі де көпке ұнамаған. Екінші рет күйеуге тиіп жатқан Айжұлдыз Адайбековаға көрермен сын тақты.
Желі оқырмандары сан түрлі пікір қалдырды.
«Бояушы, боуяшы десе, сақалын бояпты дегендей, не мынау енді?», «Шортымен де тойға баруға болады екен ғой», «Қандай креатив болса да өте өрескел екен», «Айжұлдыздың да талғамы жоқ екен» деп жазып жатыр.