Түркістан облысында 142 азамат пробация талаптарын бұзған соң, түрмеге қайта қамалды. Олар заңның талаптарын сақтамаған, деп хабарлайды Qazaq.today.
Облыс прокуратурасының хабарлауынша, құзырлы орган қараша айының ортасында, кешкі сағат 20:00-22:00 арасында «Қадағалау» атты шара өткізген. Нәтижесінде түрмеден мерзімінен бұрын бостандыққа шығып, қадағалауда жүрген адамдар заңның талаптарын сақтамайтын болып шыққан.
«Акция аясында прокурорлар облыстағы 17 қала мен ауданды аяқ асты тексерген. Олар мерзімінен бұрын босап шыққан 321 адамның үйінде бар-жоғын тексеріп, 9 адамның заң бұза, үйінде отырмағанын анықтаған. Прокурорлар осы 9 адамның ішінде 2 адамды қайтадан түрмеге қамау туралы ұсыныс жолдап, соттан жауап күтіп отыр», — деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Жалпы жыл басынан бері облыс прокурорлары түрмеден ерте шығып, пробация талаптарын бұзған 142 адамды анықтап, оларды сот арқылы қайта түрмеге жаптырған.
Фото: Qazaq.today