Борышкер сот орындаушысын көлігімен қағып кетті

Қостанай тұрғыны жеке сот орындаушысын көлікпен қағып кетті. Қарызы көбейген борышкер көлігін тәркілеуге қарсылық білдірген, – деп хабарлайды AstanaTV.

Полиция әкімшілік хаттама толтырып, істі сотқа жөнелтті. Алайда жәбірленуші борышкерге қатысты қылмыстық іс қозғауды талап етіп отыр.

Борышкер Рахат Мақашевтың жеке сот орындаушысының айтқанын орындамай, көлігімен кері шегінгені жақын маңдағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

«Қала тұрғыны темір тұлпарын тәркілеуге қарсылық білдіргендіктен қағып өтті», – дейді сот орындаушысы Владислава Петраш.

Жеке сот орындаушысы Владислава Петраш: «Ол мені 20 минут бойы көндіруге тырысты. 102-ге қоңырау шалып, полиция күтіп тұрдым. Кенет көлігіне отырды да, кері шегіне бастады. Мені тыңдаған да жоқ. Көліктің артында тұрғанымды айнасынан көрді. Соған қарамастан әуелі баяу қозғалып, одан кейін жылдамдықты үдете түсті», – дейді. Жеңіл жарақат алған жеке сот орындаушысы жеңіл көлік астында қалып қоймағанына шүкір дейді.

Қызмет бабындағы қызметкердің денсаулығына зиян келтірген үшін ол қылмыстық жазаға тартылуы тиіс дейді Владислава Петраш. Ал 43 миллион қарызы бар қала тұрғыны өз уәжін айтты.

Қостанай қаласының тұрғыны Рахат Мақашев: «Қағазы жоқ оның қолында. Мен заң бойынша айтып отырмын. Біріншіден, көлік әйелімнің атында. Ол әйелімді шақыру керек. Әйелімді сотқа беруі керек. Сосын машинаны сатып, жарты ақшасын әйелге, жарты ақшасын маған беру керек. Заң бойынша солай болу керек», – дейді.

Облыстық соттың баспасөз қызметі Мақашевтің ісі сотқа түскенін растады. Қостанай тұрғыны қос бап бойынша жауапқа тартылмақ.

Қостанай облыстық соты баспасөз қызметінің бөлім басшысы Зәуре Едікова: «Қала тұрғынына қатысты екі әкімшілік іс түсті. Әкімшілік кодекстің 610-бабы 2-бөлігі және 611-баптың 2-бөлігі бойынша. Сот отырысы қазан айының 28-іне белгіленді», – деді.

Соңғы

Абай облысында есірткі сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Абай облысы Жарма ауданында ірі көлемдегі есірткі саудасымен айналысқан...

ЕО елдері Түркияға 7 млрд еуро бөледі

Еуроодаққа мүше елдер Түркияға 7 млрд еуро көмек бөлмек....

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана...

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Абай облысында есірткі сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Абай облысы Жарма ауданында ірі көлемдегі есірткі саудасымен айналысқан ерлі-зайыпты ұсталды. Бұл туралы Абай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today...

ЕО елдері Түркияға 7 млрд еуро бөледі

Еуроодаққа мүше елдер Түркияға 7 млрд еуро көмек бөлмек. Бұл зілзаладан кейінгі жағдайды қалыпқа келтіруге жұмсалады. Мұндай мәлімдеме Еуроодақ елдерінің Брюссельде өткен арнайы жиын...

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана атанды. Междуреченск ауылындағы мектепте оқитын қызды көршісі зорлап келген. Күдікті ретінде 53 жастағы еркек ұсталды....

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here