Бөлім командирлері тәжірибе алмасты

Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында 2022 жылдың 19 мен 21 шілде аралығында Жетігендегі 5574 әскери бөлімінде оқу-әдістемелік жиын өтті

Жиынға өңірлік қолбасшылқтардың қолбасшылары, құрама және әскери бөлім командирлері, олардың тәрбие және әлуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары қатысты. Жиын барысында 25 сабақ өткізілді. Әр сабақта ұлттық ұланның өзекті тақырыптары талқыланып, оның шешу жолдары қарастырылды. Жиынынға Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Бауыржан Абжанов жетекшілік етті.

Алғашқы күннен-ақ бөлім командирлері мен орынбасарлары белсенділік танытып №36 жаттығуды орындады, яғни 1000 метрге жүгірді. Жаттығу орындау барысында подполковник Әлімжан Тасмағамбетов өзінің желаяқтығымен айрықша көзге түсті. Одан әрі таңғы аспен қуаттаннып алып, екі топқа бөлініп «Макаров тапаншасынан» ату дайындықтарын көрсетті. Келесіде полковник Ғанимат Амиров тәрбие және әлуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарларынан «басшылық құжаттарының талаптары» бойынша білімдерін тексерді. Содан кейін «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының ТжӘҚЖ жөніндегі орынбасары полковник Ниязтай Әлкешев  «бөлім командирінің ТжӘҚЖ жөніндегі орынбасарларның тәрбие және әлуметтік-құқықтық жұмысты ұйымдастырудағы тәжірбиесі» тақырыбында  нұсқау-әдістемелік сабақ өткізді. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының жауынгерлік даярлық басқармасының бастығы полковник Радикжан Якубов төтенше жағдайлар кезінде Ұлттық ұлан әскери құрылымдарының қалай жұмыс жасау керектігін практика жүзінде көрсетті.

Офицерлер түскі үзіліске тарап, ары қарай өз білімдерін шыңдауға кірісті. «Орталық» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының ТжӘҚЖ орынбасары полковник Қанат Беляков «Тәлімгерлікті ұйымдастыру. Офицерлермен келісімшарт бойынша әскери қызметші, қызыметке жаңадан тағайындалған және жас офицерлермен жұмыс формалары мен әдістері. Кадрлар санатын кәсіби даярлау» тақырыбында сабақ өткізді. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының ТжӘҚЖ орынбасары полковник Берік Тоқтаров «бөлімшенің әртүрлі санаттағы әскери қызыметшілерімен жеке оқу-профилактикалық жұмысын ұйымдастыру. Бөлімшелерде әскери тәртіпті бұзудың алдын алу және ТжӘҚЖ бойынша командир бөлім орынбасарының жұмыс жүйесі» тақырыбында сабақ беріп өз тәжиірбесімен бөлісті. «Батыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының ТжӘҚЖ орынбасары полковник Бақыт Алазов «Әскери бөлімнің және бөлімнің әскери қызыметшілерінің суицидтік мінез-құлқының алдын алу бойынша бөлімшелердің лауазымды тұлғаларының жұмысының алгоритімі. 30.10.2019 жылдан № 336 бұйрығын жеткізу және түсіндіру «ҚР ҰҰ әскри қызыметшілер арасында суицидтік көріністердің алдын алу шаралары туралы» өзекті тақырыпта сөз қозғады. Осылай оқу әдістемелік жиынының бірінші күні қортындаланды.

Оқу әдістемелік жиынының екінші күнінде офицерлер кезекті күнді тағы жаттығумен бастады №3 жаттығуды орындады (кермеге тартылу) бұл жерде де офицерлер өз өнерлерін көрсетті. Атап айта кетелік 5514 әскери бөлімінің командирі подполковник Багитжан Баланбаев 24 рет тартылып басқаларға үлгі болды.

Ұлттық ұлан академисы бастығының ТжӘҚЖ жөніндегі орынбасары полковник Нұрбай Бектұрсынов «ҚР ҰҰ академиясына кандидаттарды іріктеу бойынша бөлімше командирі ТжӘҚЖ жөніндегі орынбасарының азаматтық жастармен  ақпараттық насихатттық жұмысының негізгі нысандары» деген тақырыпта сабақты жалғастырды.

Ары қарай сабақтар өз ретімен өтіп, әр түрлі тақырыртарда пікір таластар болды. Офицерлер өз тәжиірбиелерімен алмасып жатты.

Оқу-әдістемелік жиыннының 2 күнінің екінші жартысында офицерлер  демалып түнгі атыс жаттығуға дайындықты бастап кетті. Ату алаңында офицерлердің қозғалмайтын, оқыс пайда болатын және қозғалатын нысандардан АК-74 қаруымен ату даярлығын тексерді.

3 күні офицерлер қоян-қолтық ұрыс техникасының жалпы кешені бойынша қабілеттіліктерін көрсетті. Одан арғы сабақтардан да алатын білім мол болды. ҚР ІІМ-нің полиция қызыметкерлері жол-көлік оқиғаларының алу шаралары туралы лекция жүргізді және ҰҰ ел қауіпсіздігін сақтауға үлкен еңбек жасап жатқандығын атап өтті. Келесі дәрісті офицерлерге Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары генерал-майор Жандос Омарқұлов өткізді.

3 күнге созылған оқу-әдістемелік жиын әскери кеңеспен жалғасты. Әскери кеңесті Қазақстан Республикасы ІІМ орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-майор Еркін Ботақанов өткізді. 2022 жылдың бірінші жарты жылдығын қортындаланып, 2 жарты жылдыққа жаңа тапсырмалар қойылды.

Мақала авторы: Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің «Князь Александр Невский атындағы әскери университетінің курсанты Әлішер Асқарбек

17