Болгарияның ең ірі жоғары оқу орнында қазақ тілі оқытылады

Жоғары білім саласындағы ынтымақтастықты одан әрі ілгерілету мақсатында Қазақстанның Болгариядағы Елшісі Виктор Темірбаев Әулие Клемент Охридски атындағы София университетінің ректоры Анастас Герджиковпен кездесті. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында София университеті мен Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары арасындағы өзара тиімді әріптестікті арттыру бойынша нақты бастамалар қаралды.

Атап айтқанда, 2018 жылдың қазан айында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен әріптестік келісім негізінде құрылған әл-Фараби ғылыми-білім беру және мәдени орталығының қабырғасында қазақ тілін оқыту тәжірибесін одан әрі ілгерілетуге назар аударылды. Сонымен қатар, қазақстандық дипломат университет басшылығына жан-жақты қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіріп, болгар студенттері арасында қазақ тілін үйренуге деген қызығушылықтың артып келе жатқанына және осы пәнді «Түркология» факультетінің оқу жоспарына енгізгеніне ризашылығын білдірді.

Сонымен қатар, жоғары білікті кадрларды даярлау жөніндегі мемлекеттік мақсатты орындауға қосқан үлесі тұрғысынан В.Темірбаев Болгария университетінің ректорын 2023 жылдың күзінде Астана мен Алматыда өтетін «International Education Fair» халықаралық білім беру көрмесіне қатысуға шақырды.

Сонымен қатар, В. Темірбаев ҚР Парламентінің төменгі палатасы – Мәжіліс және жергілікті өкілетті органдар – мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауына егжей-тегжейлі тоқтала отырып, мемлекеттік билік институттарын қайта жаңғырту шеңберінде Қазақстанда жүргізіліп жатқан өзгерістермен әңгімелесушіні таныстырды.

Соңында тараптар кездесу барысында белгіленген барлық мәселелер бойынша жұмыс байланыстарын жалғастыруға келісті.

 

Qazaq.today

Соңғы

Рыбакина жас теннисшілерге қаржылай қолдау көрсетті

Елена Рыбакина Қазақстанның болашағынан үміт күттіретін теннисшілеріне қаржыдай қолдау...

Алматыда жанжалдасқан жүргізушілердің бірі қару қолданды

Алматыдағы базарлардың бірінде екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, төбелесіп,...

Серік Күдебаевтың соты кейінге қалдырылды

Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевқа қатысты сот...

Бірмандатты депутаттар анықталды: Сайлауда ең көп дауыс жинаған кім?

Бірмандатты округтер бойынша Мәжіліс депутаты кімдер болатыны анықталды. Орталық...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Рыбакина жас теннисшілерге қаржылай қолдау көрсетті

Елена Рыбакина Қазақстанның болашағынан үміт күттіретін теннисшілеріне қаржыдай қолдау көрсетті, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 2022 жылғы Уимблдон турниріндегі жеңісінен кейін теннистен Қазақстан...

Алматыда жанжалдасқан жүргізушілердің бірі қару қолданды

Алматыдағы базарлардың бірінде екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, төбелесіп, нәтижесінде қару қолданған, - деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.  Toyota Estima жүргізушісі оқ атқан сәт...

Серік Күдебаевтың соты кейінге қалдырылды

Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевқа қатысты сот процесі кейінге қалды, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq Uni-не сілтеме жасап. Бұл туралы Жетісу облысы сотының баспасөз...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here