Болгарияда футболдан өткен жарыста қазақстандық бала соққыға жығылды

Қазақстандық заңгер Мағжан Бейімбетов Болгарияда футболдан балалар арасындағы жарыста болған жанжал туралы айтып берді, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Жарысқа Бейімбетовтің ұлы қатысқан.

 

«Шынымды айтсам, мен Болгария азаматтарының бізге, Қазақстан азаматтарына қатысты іс-әрекетіне таң қалдым! Бүгін біздің 11 жастағы баламызды дәл ойын үстінде соққыға жықты. Оны болгар командасындағы ойыншылардың бірінің ата-анасы ұрды. Біздің жаттықтырушымызды да ұрып жібере жаздады, ең қызығы, барлық болгарлар бізді «моңғолдар» деп атады. Өзбекстаннан келген бауырларымызды да ұрды», — деп жазады ер адам.

 

Оның айтуынша, ата-аналар дипломаттардан көмек сұрады, бірақ олар тек төлқұжаттардың көшірмелерін алумен шектелген.

 

«Тіпті дәрігерлерге де балаларды тексеруге рұқсат берілмеді. Егер бізге осындай қарым-қатынас көрсетсе, қазақстандықтардың Болгарияда қадір-қасиеті жоқ деген сөз. Біздің жаттықтырушымызды таптап кете жаздады», — деп ашуланды заңгер.

 

Qazaq.today