Болат Назарбаевты 90 жастағы бұрынғы енесі сотқа берді

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевқа қатысты Алматы қаласы Бостандық аудандық сотына талап арыз түсті, деп хабарлады orda.kz.

2012 жылы Болат Назарбаев өгей ұлы Данияр Кесікбаевпен Алматы қаласы Бостандық ауданы Тимирязев көшесінде орналасқан жер учаскесі үшін соттасқан. Ол кезде бұрынғы президенттің бауыры жерді «сән үшін және заңды жауапкершілік жүктемеу үшін» бергенін дәлелдеген еді. Енді қазір Болат Назарбаевтың үстінен арыз түсіп отыр. Оның бұрынғы енесі 23 жыл уақыттан кейін сату-сатып алу келісімшартын жарамсыз деп танығысы келеді.

Бостандық ауданының сотына Болат Назарбаевтың екінші әйелінің анасы Тұрахан Құрманғалиева арыз жазған. Ол есте жоқ ескі заманда, нақтырақ айтқанда 1999 жылы өзінің марқұм күйеуі Саудабай Құрманғалиевтың экс-президенттің інісіне Тимирязев көшесінің бойында орналасқан екіқабатты қонақүйі, көлік жуу орталығы және сән салоны бар ғимаратты сатқанын хабарлады. Қазір бұл мекенжайда BNC Plaza бизнес-орталығы бой көтерген. Алматы қалалық сотынының баспасөз қызметі арыз түскенін растады.

Болат Назарбаевтың 90 жасқа келген енесі сату-сатып алу келісімшартының күшін жою туралы шешімін марқұм күйеуінің қонақүй учаскесін сатар кезде ешкіммен ақылдаспағанымен түсіндірді. Кей деректерге сүйенсек, бұл жер туралы әйел өз немересі Жаннадан естіген, ал немересі бұған дейін Orda.kz зерттеулерін оқыған болса керек. Зерттеуде сот ісі, бизнес орталықтың құрылысы туралы толық жазылған еді.

Тұрахан Құрманғалиева арызында өзінің ешқандай келісімшартқа келісім бермегенін, демек шарттың заңды күші жоқ екені жазылған. Бұған дейін заңның осы нормасын Болат Назарбаевтың бірінші әйелі Гүлжан бірнеше рет қолданған. Оқиға қысқаша былай болған: бірнеше жылдан соң Гүлжан күйеуінің, яғни Болат Назарбаевтың Медеу ауданындағы жерді басқа адамдарға сыйлағанын, сатқанын білген. Кейін олар Ханболат Назарбаев пен Данияр Кесікбаевтың қол астына өтті. Әйелі бірнеше рет сотқа шағым түсіріп, жеңіске жеткен.

Бұрынғы енесінің күйеу баласына жазған арызы Бостандық ауданының судьясы Марат Ибрагимовтың қарауына түскен. Бұл іс бойынша процесс әлі тағайындалған жоқ.

3