Қылмыстық іс елордада қаралды. Астана қаласы Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұлов 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Экс-шенеунік Қылмыстық Кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Мажағұлов Есіл өзеніндегі «Күн» субұрқағының құрылысын қаржыландыруға бөлінген 1 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырды деп айыпталған болатын.
Қылмыстық іс бойынша мердігер ұйымның өкілі Мәди Канапин 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот оны қаржы жымқыру және қылмыс жасауға көмектесу (ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы, 28