«Болашақ» бағдарламасы бойынша жас шектеулері енгізілді

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрағасы Әділ Құсманов «Болашақ» бағдарламасына жас шектеуін енгізу туралы айтты, деп жазады Qazaq.today ақпарат порталы.

Jibek joly телеарнасындағы «Уәде» бағдарламасына берген эксклюзивті сұхбатында Әділ Құсманов білім беру бағдарламасының 78 жастағы қатысушысының жағдайына қатысты пікір білдірді.

Ол бұған дейін үміткерлер үшін жас шектеулері болмағанын, тіпті зейнеткерлік жасқа толғандар да өтініш бере алатынын атап өтті. Енді министрдің бұйрығына өзгерістер енгізілді.

«Бұдан былай ғылыми тағылымдамадан өтудің жас шегі ерлер үшін — 59 жас, әйелдер үшін 57 жас болып белгіленді. Бұйрық қазірдің өзінде бекітіліп, күшіне енді», — деді.

2025 жылғы 10 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында отандық ғалымдармен кездесіп, оларды кәсіби мерекелерімен құттықтады.