Ертең Чиангмэйде (Тайланд) бокстан Азия чемпионаты басталады. Бүгін жарыстың жеребесі тартылып, қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары анықталды, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы msports.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасы 13 салмақ дәрежесі бойынша да бақ сынайды.
48 келі. Санжар Тәшкенбай — Мехрон Шафиев (Тәжікстан)/Анваржан Ходжиев (Қырғызстан) — 1/4 финал;
51 келі. Сакен Бибосынов — Асильбек Жалилов (Өзбекстан)/Давадорж Лхагвадорж (Моңғолия) — 1/4 финал;
54 келі. Махмуд Сабырхан — Ян-Лин Лай (Тайвань) — 1/8 финал;
57 келі. Оразбек Асылқұлов — Зульхайлан Мохаммад (Малайзия) — 1/8 финал;
60 келі. Бейбарыс Жексен — Дильшод Абдумородов (Өзбекстан) — 1/8 финал;
63.5 келі. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы — Марк Эшли Фаярдо (Филиппин) — 1/8 финал;
67 келі. Дулат Бекбауов — Жа Юн Ван (Тайвань) — 1/8 финал;
71 келі. Абылайхан Жүсіпов — Чи Син Ли (Тайвань)/Байрамдурды Нурмухамедов (Түрікменстан) — 1/4 финал;
75 келі. Диас Молжигитов — Дайга Сунага (Жапония) — 1/4 финал;
80 келі. Ерасыл Жақпеков — Сагын Сатыбалды Уулу (Қырғызстан) — 1/4 финал;
86 келі. Бекзад Нұрдәулетов — Данил Жасан (Украина) — 1/2 финал;
92 келі. Сағындык Тоғамбай — Мадияр Саидрахимов (Өзбекстан) — 1/4 финал;
+92 келі. Айбек Оралбай — Жахонгир Зокиров (Өзбекстан) — 1/2 финал.
Азия чемпионаты 11 желтоқсанға дейін жалғасады.
Украина құрамасы Азия чемпионатына арнайы шақырту алған.