Боксшыларымыздың Әлем кубогындағы алғашқы қарсыластары белгілі болды

Фото: КФБ

Бокстан World Boxing ұйымы өткізетін Әлем кубогының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Байрақты бәсеке Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтеді. Жарысқа әлемнің 19 елінен 130 спортшы қатыспақ. Азия құрлығынан бұл додаға Қазақстан, Өзбекстан, Тайпей және Үндістан елінің өкілдері бақ сынамақ. Ұлттық құрама сапынан Әлем кубогында 8 боксшы ел намысын қорғайды.

Жарыстың жеребе тарту рәсімі өтті. 50 келі салмақта Нұрзат Оңғаров ширек финалда былтырғы Азия чемпионы, өзбекстандық Асылбек Жалиловпен кездеседі.

55 келіде спортшылар сайысты 1/8 финалдан бастайды. Нұрсұлтан Алтынбек Бразилия елінің өкілі Майкл Триндадемен жолығады. Айта кетейік, Триндаде 2021 жылы әлем чемпионатында Махмұд Сабырханнан ширек финалда жеңілген еді.

60 келі салмақта Талғат Сырымбетовте бразилиялық спортшымен жартылай финалдық жолдаманы сарапқа салады. Отандасымызға Луиз Оливейра қарсылас атанды.

65 келі. 1/8 финал. Алмат Әбдуәлі – Юри Рейес Фалькао (Бразилия). Бұл жұптың жеңімпазы жартылай финалда Париж Олимпиадасының жеңімпазы Асахуджа Муйдинхуджаевпен (Өзбекстан) жолығады.

70 келі. ¼ финал. Дархан Дүйсебай – Макан Траоре (Франция)/Криштиану Перейра(Бразилия)

80 келі. ¼ финал. Диас Молжігітов – Никоден Козак (Польша)

85 келі. ½ финал. Дәулет Төлемісов – Абдулайе Траоре (Франция)/Жугно Жугно (Үндістан)

90+ келі. ¼ финал. Даниял Сапарбай – Нарендер (Үндістан).