Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Жанқош Тұраровтың ісіне қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Сенат кулуарында журналистер кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың ісін тоқтатудың заңдылығы қандай деп сұрады.
«Мен мағлұматты өздеріңіз сияқты кеше ғана Телеграм арнадан оқыдым. Бірақ бұл іске қатысты менде мәлімет жоқ. Қажет болған жағдайда мұнда баспасөз өкілі бар. Сұрақтарыңызды жолдасаңыздар, жауап береді», – деп қысқа қайырды Ғалымжан Қойгелдиев.
Айта кету керек, осыған дейін Жанқош Тұрарға қатысты атышулы қылмыстық іс тоқтатылғанын жазған болатынбыз.
37