Фото: instagram.com/angelina_lukas1997
Қазақстандық кәсіпқой боксшы қыз Ангелина Лукас (6-1-0, 3 КО) Таиландта кезекті жекпе-жегін өткізіп, қарсыласын нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Бұл туралы боксшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Ол кезекті жеңісінен кейін «Бүгін мен кәсіби мансабымда жетінші жеңіске жеттім және өте қуаныштымын, осы жеңісімді сүйікті еліме арнағым келеді!», — деп жазба қалдырды.
Ангелина Лукас таиландтық Кадесара Джадпакдимен жұдырықтасып, қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді. Негізі жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған. Алайда рефери төртінші раундта жарысты тоқтатты. Осылайша қазақстандық боксшы кәсіпқойдағы жетінші жеңісіне қол жеткізді.