Бокс және грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерацияларының басшылары тағайындалды

Қонаев қаласындағы спорт мектебінде кеңейтілген кеңес өтіп, жаңа басшылар тағайындалды. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы федерациялардың алдағы жұмыс жоспарын бекітті, деп хабарлайды Qazaq.today  ақпараттық агенттігі. Жиында Алматы облысының бокс, грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерацияларының басшылары, спорт мектептеріндегі директорлар кеңесінің төрағасы, аға жаттықтырушылар тағайындалды.

Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев елімізде олимпиадалық спорт түрлерін дамыту, қазақ спортын жаңғырту, жарыстарда қоржынға жүлделі орындар салу ортақ міндет екеніне тоқтады. Сондай-ақ, Алматы облысының екіге бөлінуіне байланысты облыстық бокс, грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенттерін сайлау күн тәртібіндегі басты мәселе екенін айтты.

Басқарма басшысы Нұрбақыт Теңізбаев Дәурен Төлегенді Алматы облыстық бокс федерациясының президенті лауазымына, Дамир Күзембаевты грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті лауазымына тағайындады.Ол болашақта қазақ балаларын әлемдік аренаға шығару – қажырлы еңбектің бұл еңбектің жемісі болары сөзсіз екенін баса айтты. Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт мектептері директорлар кеңесінің төрағасы қызметіне Дархан Әшіров бекітілді.
Кеңесте сөз алған федерациялардың жаңа президенттері сенімді ақтап, аймақтағы спортты дамытуға күш салу аянбай еңбек ететіндерін жеткізді.

 

Соңғы

Ақтауда 3 баланың өліміне әкесі күдікті ретінде ұсталды

Ақтау қаласы 27 шағын аудандағы пәтердің бірінен 3 баланың...

«Сыған серенадасы» пьесасы әкеміздің абыройына нұқсан келтіреді – Шәмші Қалдаяқовтың ұлы

Композитор Шәмші Қалдаяқовтың ұлы ақын Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы»...

Қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасымен...

Махамбет Әбжанға шығарылған сот үкімі өзгеріссіз қалды

Махамбет Әбжанға қатысты сот үкімі заңды күшіне енді, -...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Ақтауда 3 баланың өліміне әкесі күдікті ретінде ұсталды

Ақтау қаласы 27 шағын аудандағы пәтердің бірінен 3 баланың мәйіті табылды. Олардың денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар. Бұл туралы полиция мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today. 2011, 2014...

«Сыған серенадасы» пьесасы әкеміздің абыройына нұқсан келтіреді – Шәмші Қалдаяқовтың ұлы

Композитор Шәмші Қалдаяқовтың ұлы ақын Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» спектаклін қою арқылы әкесіне қиянат жасалғанын айтады. Мұхтар Шәмшіұлының айтуынша, әкесі ешқашан сығандардың тобырында болмаған,...

Қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасымен бірлесіп «Qnet» қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша күдіктіні ұстады. Бұл компания Астана мен...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here