Бюджетті жымқырған: БҚО-да «Бөкейорда» табиғи резерватының бас директоры қамалды

Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының бас директоры жемқорлықпен күдікке ілінді, деп хабарлайды Qazaq.today.

Антикордың мәліметінше, қазір оған қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.

«Ол резерватта шын мәнінде еңбек қызметін атқармаған тұлғаға жалақыны заңсыз есептеу арқылы ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Ол соттың санкциясымен қамалды», — деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.

Қазір Антикор оның басқа да қылмыстарға қатысы барын анықтап жатыр.