Бизнестегі серіктесін өлтіріп қашқан күдікті Ресейде ұсталды

Фото: Павлодар облысы ПД

Ресей Федерациянің Красноярск өлкесінің Шарыпово қаласында Қазақстан азаматы бизнес серіктесін өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Qazaq.today.

Оқиға биыл ақпанда Павлодарда болған. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында үйлердің бірінің ауласында кәсіпкердің мәйіті табылған.

Адам өлтіру дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша алдын ала тергеу басталған.

«Қазіргі уақытта прокуратура күдіктіні Қазақстан Республикасына экстрадициялау үшін тиісті шара қолданып жатыр. Осы жасалған қылмысты іске сәйкес 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», — делінген хабарламада.