«Бізді жер бетінен жоюға тырысуда»: Зеленский Киевтегі жарылысқа қатысты пікір білдірді

 Киевке жасалған  зымырандық шабуылдан кем дегенде 8 адам қаза тапты.  Құрбандар мен зардап шеккендер саны сәт сайын көбейіп жатыр. Украина астанасына жасалған шабуылдан тағы 24 адам жарақат алған. Украина ішкі істер министрінің кеңесшісі Ростислав Смирновтың мәліметінше, құтқарушылар оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.

 «Сағат 08:45-тегі жағдай бойынша Шевченковск ауданында атқылау салдарынан 8 адам қаза тауып, 24 адам жараланды, алты көлік өртеніп, 15-тен астам көлік зақымданды. Оқиғаға 30 адам мен 6 техника жұмылдырылды», — делінген хабарламада.

Зеленский Украинаға жаппай зымыранмен жасалған  шабуылға қатысты пікір білдіріп, халықты далаға шықпауға шақырды.

«Олар осымепн 229-шы күн бізді құртып, жер бетінен жоюға тырысуда. Запорожьеде  үйінде ұйықтап жатқан халқымызды жоймақ. Днепр және Киевтегі адамдарды өлтіруге тырысып жатыр», — деді Украина президенті.

Зеленский Украинаның барлық аумағында әуе шабуылдары бәсеңдемейтінін айтты.

«Зымыран атылды. Өкінішке орай, қаза тапқандар мен жараланғандар бар. Сіздерден өтінемін: баспаналардан шықпаңыздар. Өздеріңізге және отбасыларыңызға қамқорлық жасаңыздар. Ұстамды және мықты болыңыздар», — деді ол.

Жергілікті БАҚ өкілдері және Telegram-каналдар зымырандардың әліге дейін қаланың және Украинаның өзге де аймақтарына түсіп жатқанын жазуда. Ресми расталмаған ақпарат бойынша Киевте 4 жарылыс болған. Куәгерлер оқиға орнынан түсірілген фото және видеоматериалдарды әлеуметтік желі арқылы таратуда.Киев мэрі Виталий Кличко Шевченков ауданындағы жарылыстарды растады.

«Шевченко ауданындағы бірнеше жарылыс – ел астанасының орталығында болды. Барлық қызмет түрі жұмылдырылды. Толығырақ кейінірек», — деді ол өзінің Telegram-каналында.

Цифрлық трансформация министрі Михаил Федоров те Twitter-де Киев қаласының орталығына зымыран түскенін растады. Киев мемлекеттік төтенше жағдайлар қызметінің баспасөз хатшысы Светлана Водолага Суспильныйға берген түсініктемесінде зардап шеккендер мен зардап шеккендер туралы хабарлады.

Украинаның ІІМ ел тұрғындарына жабық жерден шықпауды ескертті.

9