«Біз ойлағандай болмады»: Жанар Айжанованың қызы мен күйеу баласы тағы да жұрттың назарын аударды

Фото: @saken_kagarov

Танымал әнші Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова мен күйеу баласы, блогер Сәкен Қағаровтың Мальдив аралдарындағы демалысы күтпеген жағдаймен есте қалды, деп жазады Qazaq.today ақпарат порталы.

Жақында ғана шаңырақ көтерген жас жұп шетелде демалып, романтикалық кешкі ас ұйымдастырмақ болған. Алайда Instagram парақшасында жариялаған видеодағы көрініс олардың жоспарының бұзылғанын көрсетеді.

«Мальдивте романтикалық кешкі ас ішеміз деп едік. Бірақ бәрі біз ойлағандай болмады», — дейді Сәкен Қағаров бейнежазбада.

Кешкі асты теңіз жағасында өткізбек болған жұп кенеттен басталған дауыл мен жауынға тап болған. Бірақ бұл тосын табиғат құбылысы керісінше олардың көңілін түсірмей, көтеріп жіберген екен.

Желі қолданушылары жұпқа жақсы тілектерін жаудырып, Айжұлдыздың күлкісін анасы Жанар Айжанованың күлкісіне ұқсатты:

  • «Айжұлдыздың күлкісі Жанар апайдікінен аумайды, нағыз ана мен қызы»,
  • «Сіздермен бірге теңіз жағасында отырғандай әсер алдық»,
  • «Осындай сәттер ұзаққа есте қалады», — деп жазды олар пікірде.